Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Западно-Казахстанская область

500-ден астам оқушыға ағылшын тілін меңгерту көзделген

500-ден астам оқушыға ағылшын тілін меңгерту көзделген

Биылғы қаңтар айынан бастап Қаратөбе, Бәйтерек, Теректі, Шыңғырлау аудандарында «English for Jastar» жобасы шеңберінде 8-11-сынып оқушыларына арналған тегін факультативтік курстар ұйымдастырылуда.

Атап айтсақ, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы  500-ден астам оқушыны ағылшын тіліне оқытуды мақсат етіп отыр. Аталмыш жоба Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы шеңберінде іске асып жатқан «үштілділікті енгізу» жөніндегі ауқымды бағдарламаны қолдауға бағытталған. Өткен жылы облыстың алты ауданында 600-ге жуық оқушы Elementary, Pre-Intermediate деңгейлерін меңгеріп, оксфордтық құрал жиынтығымен білімдерін жетілдірген.

– Басты мақсат – оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға, қарым-қатынас машығын жақсартуға көмектесу.  «English for Jastar»  жобасы екі ай бойы жүргізіледі. М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі «Шетел тілі» мамандығының болашақ ұстаздары ерікті түрде ауыл балаларын ағылшын тіліне үйретуде, – деді «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерлік Шамғалиев.

Алдағы уақытта тегін курстан өтіп жатқан оқушылар арасында дискуссиялық еркін алаңдар мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері тілдік қабілеттерді дамытуға бағытталған дәрістер өткізу жоспарланған.

 

Другие новости