Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Западно-Казахстанская область

Облыс прокуратурасы жылды қорытындылады

Облыс прокуратурасы жылды қорытындылады

«Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында өткен кезеңнің жұмыс қорытындысы және осы жылға қойылған басым бағыттар талқыланған алқа отырысы өткізілді» деп хабарлайды облыс прокуратурасы.

Облыстағы криминогендік жағдай қылмыстық құқық бұзушылықтың 11 пайызға (12 420-дан 11 105-ке дейін) төмендеуімен сипатталады. Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау 33 пайызға азайды (470-тен 315-ке). Бұл қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шараларының кең қолданылуына байланысты. 2102 қылмыстық іс электрондық форматта тіркеліп, оның 708-і сотқа жолданды. Түзеу мекемелерінде 10 кәсіпкермен жұмыс орындары ашылды, 263 сотталған жұмыспен қамтылды. Сотталғандармен бюджетке 59 млн. теңге төленді. Сот орындаушылармен бірлесіп 31 млн. теңге қылмыстық айыппұл өндірілді.

Әлеуметтік-экономикалық салада 1 мыңнан астам азаматтың пайдасына 40 млн. теңгеден астам зейнетақы аударылымдары өндірілді. 34 оқушы тіркелген әлеуметтік желіде қауіпті 8 қауымдастық анықталып, жабылды. Әкімшілік істер бойынша сот актілерін қайта қарау нәтижесінде 6 млн. теңге қаражат қайтарылды.

Жоғарғы Сотпен облыс прокуратурасының бастамасымен енгізілген азаматтық істер бойынша 7 кассациялық наразылық қанағаттандырылды және анықталған бұзушылықтар бойынша 4 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Атқарушылық өндіріс бойынша қадағалау актілерімен бюджетке 123 млн. теңге өндірілді, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке 23 және 71 тұлға тартылды, 2 жеке сот орындаушы қызметін тоқтатты.

Шағымдарға ықпал ету механизмін жетілдіру нәтижесінде азаматтардың мемлекеттік органдарға өтінішпен жүгінуі 11 пайызға, прокуратура органдарына 20 пайызға азайды. Жеке қабылдауда 4 690 азамат, оның ішінде 2 698 адам басшылармен қабылданды. Құқық қорғау қызметтері орталығына 1 710 азамат жүгінді, оның 1020-сы прокурормен қабылданып, барлығына заңнама талаптары түсіндірілді, талап арыз толтыруға, шағым жасауға көмек көрсетілді.

Отырыс қорытындысында облыс прокурорымен бірқатар тапсырмалар беріліп, 2019 жылға міндеттер айқындалды.

 

Другие новости