Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Западно-Казахстанская область

Шаңғымен жарысты

Шаңғымен жарысты

16 қаңтар күні «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен «Орал» спорт клубының  ұйымдастыруымен ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шаңғыдан спорттық  жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа түскен  адамдар 1500 м. және   3000 м. қашықтықта өз бақтарын сынады.

Жарыстың ашылу салтанатына қалалық спорт бөлімінің бас маманы Артур Шерғалиев, «Орал» спорт клубының директоры Қайырбек Ондағанов, спорт ардагері Бақытжан Ағжанов қатысты.  Жалпы жарысқа елуге тарта адам қатысып, әйелдер 1500 м. қашықтықта,  ер адамдар 3000 м. қашықтықта сынға түсті. Жарыс күнтізбелік жоспарға сәйкес спартакиада бағдарламасы бойынша өткізілді. Жеңімпаздар «Орал» спорт клубының медальдарымен, дипломдарымен марапатталды.

Әйелдер арасынан 70 жасқа дейінгілер арасында Ирина Храмцова 1-орынды иеленсе, 2, 3-орындарды Надежда Сонникова мен Вера Чупрова өзара бөлісті. 70 жастан жоғарғы әйелдер арасынан жүлделі орындарды Лариса Платицына, Тамара Бойко мен Любовь Седова иеленді. 70 жасқа дейіңгі ерлер арасынан Александр Туркот 1-орынды жеңіп алса, 2-орынды Александр Щявелев, 3-орынды Николай Джумахметов иеленді. Ал 70 жастан асқандар арасынан  Раниль Кудряков, Василий Вахитов, Алексей Победимов жүлделі орындардан көрінді.

«Хан тоғайында» өткен бұл жарыс ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, шаңғы спортымен айналысуға шақыру мақсатын көздеді. Жарысқа қатысушылардың көңілінен шыққан шара өз мақсатына жетті.

Хамбар САРМАЛАЕВ,

«БҚО мүгедектері ерікті қоғамы» ҚБ төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы

 

Другие новости